Мектепке қабылдау / Мектеп формасы

Мектеп формасы

Оқушы үшін мектеп формасын кию мектептің ерекшелігі, мектеп өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады,сонымен қатар мектептің айдентикасын қалыптастырады.

Мектеп формасын кию оқушыларды мектепте өзін қауіпсіз сезінуіне көмектесетін, әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктерді азайтатын «тең ойын алаңын» жасайды және балалардың киіміне емес, оқуына көбірек көңіл бөлуіне ықпал етеді деп санаймыз.

Зерттеу қорытындысына сүйенсек, мектепте форма кию төмендегі оң нәтижелерге себеп болады:
  • Сабаққа келмеу мен кешігу азаяды
  • Тәртіпке байланысты қиындықтар азаяды
  • Мектептен шығару жағдайлары азаяды
  • Оқу үлгерімі жақсарып, одан да жоғары жетістіктерге қол жеткізе алады.
Мектеп формасының үлгісіне келесі киімдер кіреді: белдемше, ұзын жеңді поло, бомбер.
Made on
Tilda