Біз туралы / Тарихымыз

Тарихымыз

         «Алматы қыздар мектеп-лицей-интернаты» – коммерциялық емес жеке мектеп. Бұл мекеме 1990 жылдардың басынан барлық Қазақстан бойынша мемлекет қаржыландыратын оқу орындарының желісін басқаратын, бұрын KATEV деген атпен белгілі болған, қазіргі «БІЛІМ ОРДА» қорының қамқорлығымен құрылған.
          Біз өз қызметімізді 1993 жылы Алмалыбақ «Қыздарға арналған ҚТЛ»-мен бірге біріктірілген Талғар қаласындағы «Қыздарға арналған қазақ-түрік лицейі» ретінде бастадық. 2000 жылы «Мемлекеттік емес оқу орны» деген жаңа атау алды.
          «Алматы қыздарға арналған қазақ-түрік лицейі» 2012 жылы 27 тамызда Алматы қаласындағы арнайы салынған ғимаратқа көшті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім саласындағы бақылау департаменті мемлекеттік лицензия берді.
          «Алматы қыздар мектеп-лицей-интернаты» жоғары сапалы білім беру арқылы баланың қабілетін дамытуды көздейді. Біз оқушыларымызды қоғамда белсенді және ынталы мүшелері ретінде дамытуды басты мақсаттарымыздың бірі деп санаймыз.
          Біздің оқу бағдарламамыздың мақсаты – оқушылардың білімге деген ұмтылысын арттыру, өз бетінше сыни тұрғыдан ойлауға баулу, олардың саналы және жан-жақты азамат болып қалыптасуына ықпал ету.
          Біздің тұңғыш президентіміз Н.Назарбаев: «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады»,- деп айтқандай, біздің мектеп жоғары академиялық білім беру және әлеуметтік даму арқылы жастардың қалыптасуына ықпал етеді.
Made on
Tilda