Оқушылар мектепке емтихан негізінде қабылданады, оның мақсаты - оқушының қажеттіліктерін мектеп қаншалықты дәрежеде қанағаттандыра алатынын анықтау болып табылады.
Мектепке қабылдау барысында үміткерлердің ұлты, тілі, жынысы және діні бойынша кемсітілуіне жол берілмейді.
Оқуға қабылдау кезінде оқушылардың денсаулық жағдайы ескеріледі. Төмендегі медициналық қарсы көрсеткіштер болған жағдайда талапкерлер оқуға қабылдана алмайды:
- баланың психикалық дамуындағы ауытқушылықтар;
- жүйке жүйесінің ауытқуларымен байланысты аурулар,
- материалды меңгеруде және жоғары оқу жүктемесін орындауға қиындықтар туғызатын әртүрлі созылмалы аурулар немесе физикалық кемістіктер;
- жұқпалы аурулар.