Мектеп / Қосымша білім алуда қолдау

Қосымша білім алуда қолдау

Мектебімізде оқушылардың жан-жақты дамуы мен әр түрлі оқу мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында бірнеше қызмет түрлерін қамтитын қосымша қолдау ұсынылады. Бұл қолдаудың негізінде оқушылардың өз-өзін түсінуін, сенімділіктің артуын және өз бетімен үйренуін қалыптастыру жатыр.

Мектебімізде төмендегідей қолдау түрлері ұйымдастырылады:
  • Мектеп психологы – оқушылар мен ата-аналарға тиісті жоспар бойынша жұмыс жүргізеді.
  • Мектеп ұстаздары мен ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында серіктесіміз Wisefull арқылы мамандандырылған білім алу жолдары ұсынылады.
  • Әр сыныптың жетекшіден бөлек өз тәрбиешісі болады. Сынып тәрбиешісі сынып жетекшінің бағыттауымен тәрбие жұмысына көмек береді және оқушыларға тәлімгерлік жасайды.
  • Мұғалімдер оқушыларымызға негізгі мектеп пәндері бойынша қосымша сабақ ұйымдастырады.
  • Үлгерімі жоғары, дарынды оқушылар үшін олимпиада және жоба жарыстарына дайындық сабақтары ұйымдастырылады.
Made on
Tilda