Біз туралы / Кампус

Кампус

Акт залы
  • Түрлі іс-шаралар, жоғарғы оқу орындарымен кездесулер, концерттік бағдарлама өткізуге арналған біздің шығармашылыққа толы кең мәжіліс залымыз - 388,6 шаршы метрді қамтиды.
  • Театрлық дәстүр бойынша залымызда үлкен сахна, бейнелерді көрсетуге арналған проектор, барқыт перде және көрерменге арналған 400 орын бар.
  • Мәжіліс залының қасында әр түрлі жиындарды өткізуге арналған 76,2 шаршы метрлік конференц-зал қызмет көрсетеді.
Спорт зал
Мықты денеде - мықты тұлға қалыптасады. 321 шаршы метрлік спорт залында оқушылар баскетбол, волейбол, бадминтон, теннис ойнаумен қатар, спорттық гимнастикамен айналыса алады.
Спорт залының оқушыларға қолайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық гигиеналық талаптарға сай киім ауыстыру бөлмесі мен екі душ орны бар.
Кітапхана
Көлемі 103,7 шаршы метрлік, 20 адамдық заманауи оқу залымен жабдықталған кітапхана оқушылардың жайлы атмосферада кітап оқып, білім алуына әрі түрлі креативті істермен айналысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, лицей кітапханасы жалпы лицей жоспар бөлімдеріне сүйеніп, лицей әкімшілігімен бекітілген жоспары бойынша жұмыс істейді. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары:
- оқушылар мен мұғалімдердің кітапханалық ақпаратты-библиографиялық қызмет ету жолымен оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз ету;
- оқырмандарды кітаппен және ақпараттың басқа тасымалдауыштарымен қолдануды, ақпаратты іздеу, іріктеу және бағалауға оқыту. Айта келсек, QR code арқылы жаңа технологияға сай өзіне қажетті мәліметтерді алуға мүмкіншілік береді.
- эстетикалық, экологиялық мәдениетті және салауатты өмір салтына қызығушылықты қалыптастыру.
Лицей кітапханасы – оқушыларымызға арналған алғашқы ақпарат орталығы. Мұнда олар өздігінен ізденіс жұмыстарын өткізеді, дәстүрлі (кітаптар, журналдар, газеттер) және кез келген бос уақытта мыңдаған көркем - әдеби кітаптардың ішінен қалағанын оқи алады. Оның ішінде қазіргі дүниетанымға тигізер пайдасы көп OYLA, National Geographic журналдарының ай сайынғы кезекті басылымы келіп тұрады.

I. Кітап қорының жағдайы.
Кітапхананың жалпы қоры – 21716 дана.
Олардың ішінде:
Оқулықтар саны - 18958 дана,
Оқу әдістемелік кешен - 5543 дана,
Көркем әдебиет – 2758 дана,
Электрондық кітаптар - 1118 дана,

Жалпы алғанда:
Қазақ тіліндегі кітаптар саны - 10655,
Орыс тіліндегі кітаптар саны - 6771,
Ағылшын тіліндегі кітаптар саны - 4605,
Түрік тіліндегі кітаптар саны - 3204.
Әр уақытта қолжетімді кітаптар оқушылардың бос уақыттарында кітап оқып, оқу дағдыларын жетілдірулеріне септігін тигізеді.
Жатақхана
Жатақханамыз санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жабдықталған. Сабаққа дайындалатын оқу кабинеті, ас әзірлеу бөлмесі, кинозал мен демалуға арналған арнайы орындар бар. Тәрбиешілер жатақхана өмірін қызықты өткізу үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырады.
Жаттығу жасау алаңы
Оқушылардың бос уақыттарында, үзіліс кездерінде лицей ауласында жаттығу жасауына мүмкіндік беретін шағын жаттығу жасау алаңы бар. Бұл алаң әртүрлі жаттығуларға арналған арнайы жабдықтармен жабдықталған.
Медициналық блок
  • 25.9 шаршы метрлік Медициналық блок дәрігер бөлмесі және процедура бөлмелерінен тұрады.
  • Барлық бөлмелер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жабдықталған.
  • Балалардың физикалық және психологиялық саулығын қадағалау біз үшін өте маңызды.
Асхана
  • Ас - адамның арқауы демекші, лицейімізде оқушыларды күнделікті пайдалы тамақпен қамтамасыз ететін асхана жұмыс істейді.
  • Асхана 125 адамға арналған, ауданы - 251.6 шаршы метр.
  • Алдыңғы қатарлы Ресей, Италия және Түркия өндірушілерінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сай заманауи ас үй жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
  • Бес мезгіл тамақтандыру комплексті таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және екі мезгіл берілетін экспресс-тіскебасарлардан тұрады. Ас мәзірі лицейімізде жұмыс істейтін диетолог-дәрігерлердің кеңесімен құрастырылғандықтан, пайдалы қоректік заттардың толық қорын қамтиды.
  • Оқушылардың рационында әрдайым экологиялық таза суда әзірленген бірінші және екінші тағамдар болады.
  • Асханада күнде 7:00-19:30 аралығында 14 аспаз қызметкері жұмыс жасайды. Аспаздар барлық санитарлық-гигиеналық талаптарға сай арнайы киім кию арқылы тамақтардың таза ортада әзірленуін қамтамасыз етеді. Асхананың ас әзірлейтін бөлімінің де таза әрі жинақы болуы қатаң қадағаланған. Аспаздардың жұмыс істеуіне қолайлы болуы үшін тамақ әзірлеу бөлмесі бірнеше бөлмеден тұрады.
Қауіпсіздік
Оқушылардың қауіпсіздігін қадағалау әрі бақылау өте маңызды. Сондықтан лицейдегі және жатақханадағы оқушылардың қауіпсіздігі үшін 24/7 күзет жүйесі іске қосылған. Күзетте тәулік бойы екі күзетші жұмыс істейді.

Сонымен қатар, лицей ішінде және ауласында 70-ке жуық қауіпсіздік бейнебақылау камералары орнатылған.

Мектеп ұжымы мен қызметкерлерінің арнайы FaceID , оқушылардың ID карта арқылы ғимаратқа кіру мен шығуы қадағаланады.
Made on
Tilda