Мектеп / Орта мектеп

Орта мектеп

ҚР “Білім туралы” Заңына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мектептер ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын (МЖБС) іске асыруы тиіс. Бұл біздің мектептің оқу бағдарламасы сол стандарттарға негізделгенін білдіреді.

Қазақстанда орта мектепте білім беру мерзімі бес жыл, яғни 5-9 сыныптар арасы.

Орта мектептегі білім берудің мақсаты – оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға ықпал ету, оқушының қоғамда өмір сүруге бейімделуіне мүмкіндік беру, оның жеке және оқу мақсаттарын ескере отырып, оқушының болашақ кәсіби бағдар жайлы түсінігін қалыптастыру.

Орта мектептегі білім берудің негізгі міндеттері төмендегідей дағдылар мен қасиеттерді қалыптастыру болып табылады:

Жеке тұлғаны қалыптастыру
Негізгі ғылымдардың базалық білімі
Өз бетінше білім алу және жеке тұлғаны дамыту
Жобалық және зерттеуге негізделген жұмыс
Сыни тұрғыдан және шығармашылық ойлау
Қоғамда жеке тұлға ретінде қалыптастыру және ынтымақтастықты арттыру.

Мектебімізде 6-сыныпта оқыту қазақ тілінде, яғни барлық пәндер қазақ тілінде оқытылады. 7-9-сыныптарда математика, информатика және жаратылыстану ғылымдары (биология, химия, физика) ағылшын тілінде оқытылады; басқа пәндер қазақ және орыс тілдерінде оқытылады. Ұлттық бағдарламадағы оқу жоспарында ұсынылған сабақтармен салыстырғанда ағылшын тілі сабақтарының саны өсті.
Кәсіби бағдар беруге қатысты пәндерді ерте меңгеруге мүмкіндік беру үшін 8-9-сыныптарда оқушылар әр түрлі таңдау пәндерінің комбинациясын таңдай алады. Бұл екі таңдау пәні аптасына 2 сабақ ретінде оқытылады және келесі пәндерді қамтиды: Алгебра/Физика, Алгебра/География, Биология/Химия, Қазақстан тарихы/География, Алгебра/Информатика. Орта мектептің барлық пәндерін аяқтағаннан кейін, яғни 9-сыныптың соңында оқушылар 4 пән бойынша қорытынды аттестациядан өтеді.

Оқу бағдарламасының мазмұны төмендегі пән топтарын қамтиды:
  • "Тіл және әдебиет" тобына келесі пәндер кіреді:
    Қазақ тілі
    Қазақ әдебиеті
    Орыс тілі мен әдебиеті
    Ағылшын тілі
  • "Математика және информатика" тобына келесі пәндер кіреді:
    Математика (6-сыныпта)
    Алгебра (7-9 сыныпта)
    Геометрия (7-9 сыныпта)
    Информатика
  • "Жаратылыстану" тобына келесі пәндер кіреді:
    Жаратылыстану (6-сыныпта)
    Физика (7-9 сыныпта)
    Химия (7-9 сыныпта)
    Биология (7-9 сыныпта)
    География (7-9 сыныпта)
  • "Адам және қоғам" тобына келесі пәндер кіреді:
    Қазақстан тарихы
    Дүниежүзілік тарих
    Құқық негіздері (9-сыныпта)
    Өзін-өзі тану
  • "Технология және өнер" тобына келесі пәндер кіреді:
    Музыка (6-сыныпта)
    Дизайн және технология
  • "Дене шынықтыру" тобына келесі пән кіреді:
    Дене шынықтыру
  • Қосымша пәндерге келесі пәндер кіреді:
    Ағылшын тілі грамматикасы (6-сыныпта)
    Физикадан жоғары деңгейлі есептерді шығару (8-9 сыныпта)
    Спорттық ойындар (6-9 сыныптар)
    Математикалық сауаттылық (6-7 сыныпта)
    Ағылшын тілі практикасы (6,8,9-сыныптарда)
    Түрік тілі (7-9 сыныпта)
    Жоба негізінде білім беру (6-9 сыныпта)
Made on
Tilda