Біз туралы / Кіріспе сөз

Кіріспе сөз

          Алматы қыздар мектеп-лицей-интернатының web парақшасына қош келдіңіз!
          Біз білімді, білгенін жеткізе білетін, өз мамандығын жақсы меңгерген, оқушыларды жақсы көретін ұстаздармен бірге оқушыларға жарқын болашақ сыйлауды мақсат етеміз.
          Біз оқушының әлеуетін ашатын, оны дұрыс кәсіптік бағытқа бағыттайтын, сонымен қатар әлеуметтік және моральдық дамуына мүмкіндік беретін білім беру жүйесін ұсынамыз. Біздің тәжірибелі және білімді ұстаздар ұжымы оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып, түсіністік пен шыдамдылық танытып, әлеуметтік дамуына қолдау көрсетуді мақсат тұтады. Құндылықтарға негізделген оқуға, қауіпсіз ортаға және шет тілінде білім беруге мән беретін біздің мектеп өз оқушыларына зерттеу мен сұрақ қою мүмкіндігін ұсынады.
          Біз үнемі оқушыларымызға жаңа мүмкіндіктер беру арқылы өздеріне және болашағына сенетін тұлға болуға жол ашамыз. Біз педагогикадағы оқушыларға бағытталған көзқарасты қолданамыз, жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын біріктіреміз және оқушылардың бірлесіп білім алуына көптеген мүмкіндіктер береміз. Біз қоғамның жауапты мүшелері мен әлемнің мейірімді азаматтары ретінде тәрбиелеу үшін мінездің күшін, кемел ойлау қабілетін, топтық жұмысқа бейімділігін, көшбасшылық әлеуетін, дағдылар мен құзыреттілігін дамытуға үлкен мән береміз.
          Бұл веб-сайт сізге, оқушыларға болашақ азаматшалар мен көшбасшылар ретінде өз әлеуеттерін дамытуға мүмкіндік беретін Алқыз-дың оқу тәжірибесі туралы түсінік береді. Біз сізді осы қызықты тәжірибенің бір бөлігі болуға шақырамыз.
          Біз, «Алматы қыздар мектеп-лицей-интернаты», сіздердің балаларыңызға жаңашылдықты ұстанатын, шығармашылықты қолдайтын, оқушыны қоғамдық ортаға бейімдейтін және болашаққа дайындайтын, білім мен тәрбие беру қызметтерін ұсынатын білім ошағы болғанымызға мақтанамыз.

Тамер Гюр
«Алматы қыздар мектеп-лицей-интернатының» директоры
Made on
Tilda