Біздің мектебіміздің білім алушыларын тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерін айқындауға бағытталған білім берудің тұжырымдамалық негіздері бүгінгі күні барлық білім беру жүйесіне «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген барлық мақсаттар мен міндеттерді қарастырады, барлық деңгейдегі білім алушыларды оқытудың сабақтастығын қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады.
Білім берудің мақсаттарын, міндеттерін (мазмұнын) жаңғыртудың негізгі шарты Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестікті сақтау, білімді табынушылық, эволюциялық, революциялық емес даму, сананың ашықтығы, ХХІ ғасырдағы адамға лайықты қасиеттер ретінде қоғамдық санасын жаңғыртудың стратегиялық көрсеткіштерін ескеру болып табылады.
Тәрбиенің мақсаты: рухани байлықты, моральдық тазалықты, дене бітімін жетілдіруді, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық сәйкестікті, білімнің табынуын, эволюциясы мен сана-сезімінің ашықтығын, әлеуметтік рөлдердің жүйесін толықтай орындауға қабілетті, XXI ғасырдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
2021-2022 оқу жылынан бастап мектебімізде білім берудің жаңа моделі – «Құндылықтарға негізделген білім беру» жүйесі тәжірибеден өтіп жатыр.
Қазіргі таңда білім беру саласында балалардың тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік жағынан дамуына мүмкіндік жасау негізге алынып отыр. Оқушылардың сабақтан тыс уақытындағы іс-әрекеті біртұтас оқу-тәрбие процесінің құраушы бөлігі болғандықтан, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру, білім беруде құндылықтарды дарыту, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ықпал ету құндылықтар негізінде оқытудың басты мәселесі ретінде қаралған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиелік тұжырымдамалық негіздерінде берілген тәрбие бағыттарын көздей отырып, 18 құндылықтан тұратын 2 жылдық оқу цикліне жоспарланған. Негізге алынатын жалпы құндылықтар тізімі төменде берілген. Мектеп әкімшілігі ұжымымен кеңесе отырып, таңдау бойынша әр айдың құндылықтарын оқу жылының жоспарына бекітеді.
Ұсынылатын құндылықтар тізімі төмендегідей: