Мектеп / Жоғары мектеп

Жоғары мектеп

ҚР “Білім туралы” Заңына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мектептер ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын (МЖБС) іске асыруы тиіс. Бұл біздің мектептің оқу бағдарламасы сол стандарттарға негізделгенін білдіреді.

Қазақстанда жоғарғы мектепте білім беру мерзімі екі жыл, яғни 10-11 сыныптар.

Жоғарғы мектептегі білім берудің мақсаты – оқушыларды жоғарғы оқу орындарындағы академиялық өмірге дайындау, сондай-ақ оқушылардың кәсіби дамуы үшін қолайлы оқу ортасын құру болып табылады.

Жоғарғы мектептегі білім берудің негізгі міндеттері:
1) бейіндік және таңдау пәндерін біріктіру негізінде жаратылыстану-математикаға бағытталған білім беруді жүзеге асыру;
2) Оқушыларға стандартты және жоғары деңгейдегі пәндерді біріктіру арқылы жоғары оқу орындарына түсуге дайындау үшін олардың академиялық төзімділігін қалыптастыру;
3) Тұлғалық мінез-құлық қасиеттерін, әлеуметтік және зерттеушілік дағдыларын, сыни ойлауын мақсатты түрде дамыту;
4) Оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне қарай мамандық таңдауына көмектесу;
5) Өмір бойы оқуға ынтасын арттыруға бағытталған мотивация беру.

Жоғарғы оқу бағдарламасының мазмұны төмендегі пән топтарын қамтиды:
  • Таңдау пәндері:
    Жоғары деңгей (аптасына 3 сабаққа 2 пән):
    Дүниежүзілік тарих-География (10А-11А сыныптар)
    Химия-Биология (10Б-11Б сыныптары)
    Физика-География (10С-11С сыныптар)
    Стандартты деңгей (аптасына 2 сабаққа 1 пән):
    Кәсіпкерлік негіздері (10-11 сыныптар)
    Алгебра (10-11 сыныптар)
    Ағылшын тілі (10-11 сыныптар)
  • Қосымша сабақтарға келесі пәндер кіреді:
    Эссе жазу (10-11 сыныптар)
    Математикалық сауаттылық (10-11 сыныптар)
    Спорттық ойындар (10-11 сыныптар)
    Түрік тілі (10-11 сыныптар)
    Қазақстан тарихы (10-11 сыныптар)
  • Қосымша курстар мен зерттеу жұмыстары:
    IELTS
    SAT
Made on
Tilda